Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылғы 10 қазанда «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ - мен бірлесіп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне тәрбие жұмысы бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинардың мақсаты – Біртұтас тәрбие бағдарламасын одан әрі іске асыру, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бойынша әдістемелік ұсынымдар беру.

Семинар барысында «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ жетекші маманы - Аязбаев Еркимбек Мухатаевич аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне тәрбие жұмысының түрлі әдістемелік тәсілдері мен форматтары бойынша сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар спикерден өзекті сұрақтарға толық жауап алды.