«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, қашықтық режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.

Шараның мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру, әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен таныстыру.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен 8-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 200 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 айналым бойынша өтті: "Абайдың асыл мұралары" презентация жасау және «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша кешенді тестілеу.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 95 оқушы жүлделі орындарға ие болды (гран-при - 1, І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар - 12,                 ІІ дәрежелі – 33, ІІІ дәрежелі - 49).

Гран-при иегері - Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дакенова Аяжанға  2020-2024 оқу жылдарына «Тарих» мамандығы бойынша  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты тағайындалды.

 

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Келешек жеңістер тілейміз!