
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 13 қазанында «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие саласындағы қызметкерлерге қолдау көрсетуге; кәсіби ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнатуға; педагогикалық қызметтің беделін кеңейтуге бағытталған II слётін өткізеді.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басшы қызметкерлердің мәртебесін арттыру және кәсіби имиджін қалыптастыру, кәсіби педагогикалық өсуді және шығармашылық әлеуетті дамытуға ынталандыру, белсенді жұмыс істейтін педагогтерді анықтау және көтермелеу.
Слет аясында командалардың сәлемі-визиткаларын ұсынулары; «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында тьюториал (белсенді топтық оқыту) алаңдарында тәжірибелі педагогтерді тарта отыра тренингтер, шебер сыныптар; командалардың «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбындағы үй тапсырмасын қорғауы; ардагер педагогтерді құрметтеу; тед-дәрістер (қызықты, практикалық баяндамалар); зияткерлік демалыс - ойнай отыра дамимыз; muz-tims (музыкалық үзіліс); би флеш-мобі; үздіктерді марапаттау жоспарлануда.
Слет 2023 жылдың қазан айының 13 күні Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті, аудандық Мәдениет үйінде өтеді.
Жауапты: ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна,