
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО 2020 жылғы 14 мамырында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» атты онлайн-вебинар өткізді.
Вебинарға облыс мектептерінің 100-ден астам ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Вебинарда ағылшын тілінің мұғалімі өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды: С.Ю. Подкомутникова «№10 мектеп-гимназия» КММ, Өскемен қ.; Г.О. Түктубаева «Н.А. Островский орта мектеп» КММ» Шемонайха ауданы; А.К. Ахмадиева «№1 Самар орта мектеп» КММ Көкпекті ауданы; А.А.Палагина С.В. Дерябина КММ «И.М. Астафьев атындағы жалпы бідім беретін орта мектеп» Шемонайха ауданы.
А.А.Палагина, С.В. Дерябина қашықтықтан оқыту жағдайында ағылшын тілін үйрену үшін білім беру платформаларын пайдаланудың артықшылықтарын тәжірибеде көрсетіп, өз баяндамаларында әріптестер вебинарға қатысушыларды қашықтықтан оқытудың әдістерімен, оқушыларды ҰБТ өтуге жүйелі дайындауға бағытталған ағылшын тілі мұғалімдерін әдістемелік сүйемелдеу бойынша өзекті мәселелермен таныстырды.
ШҚО ББ сайтындағы "Қашықтықтан оқыту" бөлімінде вебинардың осы тақырыбы бойынша материалдармен таныса аласыздар.
Біз семинарға қатысушылардың бардығына қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз және әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа жұмыс жасауға үміттенеміз.