Қазақстан Республикасы «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2023 жылдың 1 қыркүйек - 4 қазан аралығында арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогі» республикалық байқауын өткізді.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» конкурсында «Үздік сабақ» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом – «Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектологі Қабиева Нүргүл Картайқызы;
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» конкурсында «Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогі» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом - Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақша» КММ логопед-мұғалімі Балаева Александра Олеговна;
«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом - «Ақ ниет мектеп-интернаты» КММ логопед-мұғалімі Жалаушинова Лира Мұхаметқанқызы.
Республикалық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!