
2020 жылғы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының онлайн-отырысына қатысты.
Онлайн отырысы барысында қашықтан оқыту форматындағы білім беру ұйымдарында ТЖБ өткізу мәселелері талқыланды, ТЖБ-ға дайындық және оны өткізу бойынша мұғалімдерден жиі келіп түсетін сұрақтар бойынша кеңестер берілді.
Аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің және облыс орталықтарының әдіскерлері үшін 2020 жылдың тамыз айында өткізілуі жоспарланған біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы ұсынылды.
Онлайн отырыс материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік кабинеттерге жолданды.