
Баланың балабақшадағы, кейін мектептегі, колледж немесе ЖОО-дағы үлгерімі жайлы ақпарат, білім беру мекемелеріндегі толық мәлімет базада қамтылады.
Білім беру бөлімдері мен басқармаларына ақпарат қажет болған жағдайда білім беру мекемелеріне сауал жолдауға тиым салынады.
Әкімдіктер немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, білім бөлімдері немесе полиция бөлімдері білім беру ұйымына сауал жібермей-ақ, өзінің логині мен паролі арқылы өзекті деректерді тікелей жүктей алады.
Мәліметтердің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін жүйе 24/7 режимінде жаңартылып отырады. Ақпаратты қорғау басымдылығы ескеріліп, деректер қоры бөтен адамдардың араласуынан сенімді қорғалған.
Қорға ашық модуль енгізілді. Ол кез келген адамға білім ұйымы туралы ақпаратты қарауға мүмкіндік береді.
@edu_news_qz