ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «7 КЕРЕМЕТ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «7 КЕРЕМЕТ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілетіндігін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты - дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және дамыту.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Суреттер «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы байқауы (қатысушылардың жасы - 6-10 жас);

2) Авторлық өлеңдер «Міне, қандай біздің жаз!» тақырыбындағы байқауы (қатысушылардың жасы - 6-10 жас);

3) Өнер және қолөнер «Алтын Қазына» байқауы (қатысушылардың жасы (10-15 жас);

4) Фото «Табиғатты бірге сақтайық!» байқауы (қатысушылардың жасы 10-15 жас):

5) Презентация «Қауіпсіз жаз» байқауы (қатысушылардың жасы 12-17 жас);

6) Халықтық және дәстүрлі әндердің жас-солистер орындаушыларының «Музыка әлемінде» байқауы (қатысушылардың жасы 8-17 жас);

7) Квест «Білімге апаратын жол» байқауы (қатысушылардың жасы - 6-9 жас).

Байқау туралы ережеге сәйкес өтініштер мен байқаудық жұмыстар konkurs7keremet@mail.ru электронды мекен-жайына қабылданады.

Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.