«Алтайдың асыл жыршысы» облыстық ғылыми-практикалық конференция

«Алтайдың асыл жыршысы» облыстық  ғылыми-практикалық конференция

ШҚО білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылғы 29 қыркүйекте Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған «Алтайдың асыл жыршысы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Мақсаты – Оралхан Бөкей шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай отырып, қызметі мен құнды мұрасын насихаттау.

Конференцияда  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының профессоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, әдебиеттанушы Балтабаева Гаухар Саядылқызы,Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жиенбекова Жанат Мауытқызы,  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ, тарих пәнінің мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері Бақытжанұлы Қуаныш, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Оралхантану» авторлық бағдарламасының авторы Узембаева Жанар Мамыржановна Оралхан Бөкей шығармаларындағы тарих пен әдебиеттің байланысы, ақын шығармаларын заманауи технологиялардың көмегімен мектепте оқыту, прозасындағы ұлттық идея, шығармаларының жас ұрпақты сөз өнеріне баулудағы тәрбиелік құндылықтары жайлы зерттеулерін ұсынды.

Конференция секциялық бағыттар бойынша жұмыстармен жалғасты.

Жауапты –  А.Ж.Билялова.