«Алтайдың асқақ жыршысы!» Интерактивті сабақ өткізу туралы

«Алтайдың асқақ жыршысы!»  Интерактивті сабақ өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ патриоттық тәрбие беру, белгілі қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің идеялары мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында және 80 жылдық мерейтойына орай, облыс мектептерінің 11-сыныптары үшін цифрлық форматта «Алтайдың асқақ жыршысы!» тақырыбында 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11.00-де интерактивті сабақ өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құралай Бақытбекқызы Шуленова және Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейдің 11 сынып оқушылары жазушының шығармашылығы бойынша әдеби-танымдық шеберлік сабағын көрсетті. Қала және облыс мектептерінің оқушылары сабаққа белсенді қатысып, жазушының шығармалары бойынша сұрақтарға нақты жауап берді. Катонқарағай ауданының Шыңғыстай орта мектебі жазушының үй-мұражайы туралы бейнеролик жіберіп, балаларды Оралхан Бөкейдің өмірбаяны мен тұлғасының қалыптасуымен таныстырды. Мұғалім Шуленова оқушылармен жұмыс істеудің әртүрлі формалары мен әдістерін қолданды, кері байланыс жүргізіді. Сабақтың мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттауы, жазушының күрделі және қайталанбас әдеби мұрасын терең түсініп, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруы орындалды. Сабаққа облыстың 45-тен астам мектебі қосылды.