Халықаралық қарттар күніне арналған БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Халықаралық қарттар күніне арналған БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы ағымдағы жылдың қыркүйек айының 29 күні сағат 11.00-де «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өткізеді. Іс-шараға педагогика саласындағы еңбек ардагерлері қатысады.

Іс-шараның мақсаты: Педагогикалық еңбек ардагерлеріне мерекелік атмосфераны жеткізу. Өмірі мен білімін бала тәрбиесіне арнаған аға буынға сый - құрмет көрсету.