
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО 2020 жылғы 14 мамырында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» атты онлайн-вебинар өткізеді.
Вебинарға облыс мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері қатысады.
Вебинардың мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.
Вебинар оқушыларды ҰБТ-ға жүйелі дайындауға және білім беру платформаларын пайдалануға бағытталған ағылшын тілі мұғалімдерін әдістемелік қолдаудың өзекті мәселелерін қарастырады.
Өтетін күні мен уақыты: 2020 жылғы 14 мамыр, сағат 12.00-де.
Өту форматы: онлай-вебинар.