
Балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу бойынша жүйелі жұмыстар ерекше бақылауда.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Өскемен қаласында «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын дамыту» жобасы бойынша консультативтік кездесулер өтті.
Іс-шараға: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері; жобаның техникалық жұмыс тобының мүшелері; «Ұлттық дене шынықтыру практикалық орталығы» РҚҚП аймақтық бөлімшелерінің өкілдері; білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары; Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өкілдері; ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша өкілі, әйелдер мен балалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін аймақтық ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясатының әдіснамасымен танысып, дене тәрбиесі жөніндегі ұлттық саясатты әзірлеу аясында дене тәрбиесін нығайту шараларын талқыладық.
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша өкілі, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар сұрақтары бойынша бағдарламалық маманы М.Т.Байбеков, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы И.А.Чернышева құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстандағы дене шынықтыру саласының ағымдағы жағдайы туралы ҰТПК ДШ зертханасының меңгерушісі Мамырханова А.М. таныстырды.
Сапалы дене тәрбиесі: саясат/әдістемелік нұсқаулар мәселесі бойынша жоба сарапшысы/үйлестірушісі Ильясова Әлия Қадырқызы сөз сөйледі.
Шара соңында ДШС ұлттық саясатын әзірлеу аясында дене тәрбиесін дамыту шаралары талқыланды.