«Алтайдың асқақ жыршысы!» Интерактивті сабақ өткізу туралы

«Алтайдың асқақ жыршысы!»  Интерактивті сабақ өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ патриоттық тәрбие беру мақсатында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 11.00-де «Алтайдың асқақ жыршысы!» тақырыбында облыс мектептерінің 11 сыныбы үшін көрнекті қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған сандық форматта интерактивті сабақ өткізеді.

Сабақтың мақсаты-Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жазушының күрделі және қайталанбас әдеби мұрасын терең түсініп, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.