«Даламдай дархан пір -тұлғам» республикалық ғылыми-практикалық конференция

«Даламдай дархан пір -тұлғам» республикалық ғылыми-практикалық конференция

ШҚО білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы»  2023 жылдың 20 қыркүйек күні ақын,  жазушы,  тарихшы,  композитор, философ  Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Даламдай дархан пір - тұлғам» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

 Конференцияның мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының руханилығы мен ағартушылығын, әдебиеті мен философиясын, поэзиясы мен қоғамдық санасын дамытуға қосқан үлесін дәріптеу.

   Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының зертхана меңгерушісі, филология ғылымдарының  кандидаты, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, Абай облысы Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, магистранттар, докторанттар, «Өрлеу» БАҰО АҚ КДИ филиалы және ПШО мамандары, Павлодар, Қызылорда, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Орал, Семей қалалары  білім басқармаларының білім бөлімдері  әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін ұйымдарының педагогтері қатысты.

Шара барысында Шәкәрім әңгімелерінің ғибратты-дидактикалық сарыны, шығармаларының оқытылу әдістері, аудармалары, сазгерлік өнері, тарихшы, шежірешілігі жайлы зерттеу жұмыстары ұсынылды.

Конференцияның пленарлық бөлімінде баяндама жасағандар:

- Ақтанова Айман Советқызы - ҚР Оқу-ағарту министрлігі  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  зертхана меңгерушісі, филология ғылымдарының  кандидаты, «Шәкәрімнің шығармаларындағы ар білімі категориясы»;

-  Әубәкір Жандос Мағазбекұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, ф.ғ.к., академик, «Шәкәрімнің өмір белестері»;

- Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы - «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақтан мендей ұл туса…»;

          - Қиықбай Қуат Қазезұлы - Абай облысы Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, жазушы, «Шәкәрім және қазақ тарихының қайнар бұлағы».

           Конференция «Балаңа білім үйрет жас күнінде... », «Білімдіге білімсіз бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма?», «Білімділер насихат көп жазады, Адам үшін уайым жеп жазады» секциялық бағыттары бойынша жұмыстармен жалғасты.

Іс-шараға қатысушылар даладай дархан кең тұлғаның қазыналы еңбегінің тағылымы мен тәрбиелік мәнінің зор екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

 Конференцияда тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыс хат,  қатысушыларға сертификат табысталды.

Жауапты –  А.Ж.Билялова, тел.: 87055014271