«Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы»

«Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы»

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 7 мамырында сағат 15.00-де «Жас Сарбаз» сынып оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдеріне арналған «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы» тақырыбында қашықтық диалог алаңы өтеді.

Салауатты өмір салты, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынас еліміздің жастары үшін мінез-құлық нормасы болуы тиіс.

Оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруда олардың құқық қорғау органдарымен, Төтенше жағдайлар қызметімен, әскери қызметтермен және мемлекеттің қорғанысымен өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады.

Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа азаматтық және патриоттық тәрбие беру.

Қашықтық диалог алаңына ШҚО қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің «Жас сарбаз» сыныбының 89 оқушысы қатысады.

ҚР Ұлттық Ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, ҚР ІІМ ШҚО полиция департаментінің және ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің  өкілдері балалардың сұрақтарына қашықтықтан жауап береді.