Жеңістің 75 жылдығына арналған бірыңғай диктант күнін өткізу туралы

Жеңістің 75 жылдығына арналған бірыңғай диктант күнін өткізу туралы

        Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 6 мамырда облыс мектептерінің 9-сынып оқушылары және Қазан федералдық университеті (Ресей Федерациясы) IT-лицейінің оқушылары арасында бірыңғай диктант күнін өткізді.

        Диктантты өткізудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының Ұлы Отан соғысы тарихы туралы білімдерін өзектендіру, Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының Ұлы Жеңістегі рөлі туралы ақпараттық өрістерін кеңейту.

         Интерактивті диктант үш тілде: «Майданнан хат», «Память огненных лет», «Victory Day» тақырыбында өткізілді.

        Диктант аяқталғаннан кейін жеке кабинетте әр қатысушы ұсыныстармен бірге элемент бойынша талдау және оқушының нәтижелерін бағалау парағын алды.

        Тоғызыншы сынып оқушылары лингвистикалық, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық бойынша білімдерін, яғни ақпараттық ІТ біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін көрсетті.  

        Диктантты жазғаннан кейін татарстан оқушылары шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараға тағы да қатысуға тілек білдірді.

        Диктантқа барлығы 3000-нан оқушы қатысты.