Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаты өтті

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаты өтті

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2020 жылдың 6 мамырында облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде қашықтықтан «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаты өтті.

Бірыңғай сынып сағатын өткізу мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің жауынгерлік ерлігі үлгісінде оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өз Отаны үшін, біздің халқымыз үшін және Қазақстан тарихының батырлық беттері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Бірыңғай онлайн сынып сағатына қашықтық форматта  1-11 сыныптарының  186 278 оқушылары,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ленинград қоршауының қатысушылары, концлагерлердің бұрынғы тұтқындары, ҚР ҚК әскери бөлімдерінің, ҚР Шекара әскерлерінің өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлері, ата-аналар қоғамы мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында педагогтармен қашықтықтан өткізілетін түрлі формалар қолданылды, ол диалог алаңдары, бейне сабақтар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерімен сұхбат, жобаларды қорғау, «Ардагерге ашық хат» және «Соғыс жылдарындағы әндер» байқаулары, электронды презентациялар.

Балалар өз отбасы мүшелері - Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы, өз Отанын майданда қорғап және  тылда жеңіске жеткендер туралы айтты.

Өткізілген Бірыңғай сынып сағатының іс-шаралары туралы ақпарат мектеп сайттарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.