
2023 жылғы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесіп онлайн форматта Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында бірыңғай құқықтық сағат өткізді.
Құқықтық сағатта балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында интернет-алаяқтық, қорқыту, есірткі қылмысы және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері қамтылды.
Іс-шараға Өскемен қаласының білім бөлімінің 48 мектебі қатысты.