
ШҚО білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығы БҰҰ-ның БҚ ЮНИСЕФ пен бірлесе отырып 2020 жылғы 5 мамырда «Қашықтықтан оқыту режимінде педагог-психологтың жұмысы бойынша ұсыныстар» тақырыбында қашықтық форматында облыстық семинар-кеңесін өткізді.
Семинардың мақсаты - қашықтықтан оқыту форматында педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету.
Қашықтық жүйесіндегі семинарға облыс мектептерінің 380 педагог-психологтары, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Іс-шара барысында Өскемен қаласындағы оқушылар шығармашылық сарайы директорының әлеуметтік-психологиялық қызмет профилі бойынша орынбасары, жоғары санатты педагог-психолог Куземко Лилия Петровна педагогтарға «Қашықтықтан оқыту режимінде педагог-психологтың жұмысы бойынша ұсыныстар» атты әдістемелік құралын ұсынды.
БҰҰ-ның ЮНИСЕФ БҚ-ның ұлттық жаттықтырушысы, педагог-психолог Махатаева Жұлдыз Торалиевна іс-тәжірибесімен бөлісіп, орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстарын берді.
Семинарға қатысушыларға диалог алаңы ұйымдастырыллып, модераторлар педагогтардың сұрақтарына жауап берді, оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен жұмыс барысында әдістемелік ұсыныстарды қолдану бойынша кеңестер берді.