
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 5 мамырда «АСКАД» ЖШС директоры А.Ж. Сүлейменнің қатысуымен «Pyvela» қосымшасы арқылы ҰБТ-ға онлайн дайындық мәселесі бойынша онлайн кеңес өткізді.
Бұл қосымша 10, 11-сынып оқушыларын тестілеуге дайындауға арналған, жүйеде әр пән бойынша 45 000-нан аса бірегей сұрақ бар.
Тест нәтижесі бойынша оқушыларға қорытынды нәтиже, дұрыс және қате жауаптар беріледі, сондай-ақ қандай пәндер, тақырыптар бойынша оқушыда олқылықтар бар екендігі көрсетіледі. Осылайша оқушы дайындықтың ағымдағы толық бейнесін, қандай тақырыптарды қайталау, зерделеу және бекіту қажет екенін көреді.
Қазіргі уақытта жүйені пайдаланудың екі нұсқасы іске асырылды: смартфон немесе планшет (Pyvela мобильдік қосымшасы) арқылы және компьютер (сайт) арқылы. Тестілеуден өту үшін оқушылар өз электронды поштасын көрсете отырып, жүйеге тіркелуі қажет.
Вебинар барысында аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары «Pyvela» қосымшасының жұмысымен танысып, сұрақтарына жауап алды.
Қатысушылардың жалпы саны 200-ге жуық адамды құрады.