Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағатын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде  «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағатын  өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, 2020 жылдың 6 мамырында облыстың білім беру ұйымдарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесіне арналған «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаты өтеді.

«Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаты қашықтықтан форматында өтеді.

Бірыңғай сынып сағатын ұйымдастырушылар - директордың тәрбие ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тарих мұғалімдері, АӘжәнеТД оқытушылары, кітапханашылар, мектеп мұражайларының жетекшілері.                       

Бірыңғай сынып сағатын өткізу мақсаты: оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өз Отаны үшін, біздің халқымыз және Қазақстан тарихының батырлық беттерін үшін, соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің ерліктері мысалында мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Бірыңғай онлайн сынып сағатына 1-11 сынып оқушылары,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ленинград қоршауының қатысушылары, концлагерлердің бұрынғы тұтқындары, ҚР ҚК әскери бөлімдерінің, ҚР Шекара әскерлерінің өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлері, ата-аналар қоғамы мүшелері қатысады (қосылудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып).

ШҚО барлық жалпы білім беретін ұйымдарына «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу үшін «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағатын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар жолданды.

Өткізілген бірыңғай сынып сағатының іс-шаралары туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, мектептердің, аудандық және қалалық әкімдіктердің және білім бөлімдерінің сайттарында орналастырылады.