
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 8 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым – 2023» грантының жеңімпаздарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін (56 млн. теңге) Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 3 білім беру мекемелеріне бөліп беруді ұсынды. ШҚО ББ тамыз кеңесінде аталған ұйым басшыларына сертификаттар тапсырылады.
2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегерлері:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ (243 балл) – 357 ЕТЖ (25 млн.т.);
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ (202 балл) – 272 ЕТЖ (19 млн.т.);
ШҚО ББ Катон-Қарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ (189 балл) – 171 ЕТЖ (12 млн.т.).
2023 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:
«Дәстүр және инновация мектебі» - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ.
«Педагогикалық жетістік мектебі» - ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ.
Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!