Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау» тақырыбындағы брифингі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау» тақырыбындағы брифингі

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Чернышева Иннеса Александровнаның Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі бойынша брифингі өтті.

Баспасөз конференциясында И. Чернышева білім беру саласындағы кейбір мәселелерге тоқталды.

343 білім беру ұйымдарында 98107 мың оқушы жаңа оқу жылына кіріседі. Әлеуметтік шаралармен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 22 мыңнан астам бала қамтылды. 14 540 оқушыға киім, аяқ киім және мектеп керек-жарақтарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 895 млн теңге бөлінді.

99 елді мекенде 4208 бала үшін күн сайын 128 автобуспен тасымалдау жүзеге асырылып, ағымдағы жылы 11 бірлік автобус сатып алынды, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Білім беру нысандары жылыту маусымына да дайындалуда. Ведомствоның мәліметінше, 343 мектептің 81-і қатты отынмен жылытылады. Олар үшін 30 мың тонна көмір сатып алынып, 24 мың тонна жеткізілді. Жеткізу 31 тамызға дейін аяқталады.

Мектептердегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. И. Чернышева барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін бір аптадан астам уақыт қалды. Балалар демалып жатқанда, мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, өңірдің 77 білім беру нысанын жөндеуге 2,1 млрд теңге бөлінген. - 7 нысанды күрделі жөндеуге 0,7 млрд теңге, 70 нысанды ағымдағы жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлады Иннеса Чернышева ШҚО РСК-да өткен баспасөз мәслихатында. 3 мектепте (Күршім ауданының Қаратоғай ОМ, Катонқарағай ауданының Жамбыл ОМ, Тарбағатай ауданының А. Байтұрсынов атындағы ОМ) күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

39 білім беру ұйымдарында жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс бойынша 4200 орындық 11 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде 7 мектеп – «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 24,1 млрд.теңге сомасына. Өскемен қаласында 1500 орындық 3 мектеп, Риддер қаласында 600 орындық мектеп, Шемонаиха қаласында 300 орындық мектеп және Глубокое ауданының Опытное поле және Белоусовка кентінде 600 орындық 2 мектеп салынады. Олар келесі жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен ш/а 600 орындық мектеп құрылысы жалғасуда. «Нұрлыжол» Өскемен қаласы (енгізу - 2023 жылғы желтоқсан) және Зайсан қаласында 300 орындық (енгізу - 2024 жылғы қыркүйек). Құрылыстың жалпы құны 4,9 млрд. теңге.

- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 2,5 млрд. теңге болатын 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың бірі - Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылында 100 орындық (енгізу – 2024 жылғы қазан), - ал екінші мектеп - Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық (енгізу – 2024 жылғы шілде), - деп толықтырды ШҚО білім басқармасының басшысы.