
Балаларды мемлекет пен қоғамда болып жатқан маңызды оқиғаларға қатыстыру, адамгершілік, руханилық, толеранттылық жəне патриоттық сезімді тəрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 30 сəуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми əдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай «Менің отбасымның бір күні» облыстық қашықтық видеороликтер конкурсын өткізді.
Конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының барлық ниет білдіруші оқушылары қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары сюжетті жүзеге асырудағы ерекше шешім, креативтілік, мазмұнның сауаттылығы (титрлар, дыбысталу, видеороликтің сипаттамасы), видеороликтің дыбыстық көркемделуі, түсірілім мен монтаждың сапасы, көру ыңғайлылығы және жеңіл қабылдау, орындаушылардың актерлік шеберліктері критерийлері бойынша бағалады.
Конкурсқа барлығы 50-ден астам оқушы қатысты. Əр видеоролик мазмұны жағынан ерекше болды. Оқушылар отбасының бір күнін, өмір салтын, отбасылық дəстүрлерін, мейрамдарын, отбасылық демалысты, қазіргі заманғы отбасындағы құндылықтар жүйесін көрсете алды.
Қорытынды бойынша І орын - 6, ІІ орын - 6, ІІІ орын - 9 анықталды.
Жеңімпаздардың тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан алуға болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз жəне келешекте көптеген жетістіктер мен жеңістер тілейміз!