
Болашақ Отан қорғаушыларға жоғары деңгейде білім мен тәрбие алуларына қолайлы жағдай жасалған. Ұландарға әскери іс негіздерін оқыту, белсенді дене шынықтыру даярлығы және бағдарлы оқыту, оларды Қарулы Күштер саласына дайындау мақсатында жүргізілген. Ұландарға жоғары адамгершілік, рухани-жігерлілік және психологиялық әзірлікті қалыптастыру арқылы, оларды қазақ халқының ежелгі ерлік дәстүрлерін және өнегесін жалғастыра білетін Қазақстанға берілген патриоттарды тәрбиелеу бағытталған.
Жас Ұлан еліміздің болашағы,
Жас Ұлан генералдың бала шағы,
Елінің ертеңіне алаңдаумен
Арманы биіктермен таласады.
Лицейден беріледі білім нәрі,
Түлеп ұшар бұл жерден қырандары,
Отан ана біздерге сенім артар
Тұрғанда өр мінезді ұландары.
«Дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 25жылдық мерей тойы атылып өтті. Мерей той құтты болсын!