
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылдың 30 сәуірінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеуге және Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Ерлік сабағы» тақырыбында қашықтықтан оқыту сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресінде Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы тарихи сауаттылықты арттыру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру және Отан қорғаушыларды құрметтеу.
Облыстық байқау - мұғалімдердің шығармашылық қызметі мен кәсіби шеберлігін дамытуға, дарынды педагогтерді анықтау және оларды қолдау, оқу-тәрбие үдерісіне қашықтықтан оқытудың үздік тәжірибелерін көтермелеу және енгізуге бағытталған.
Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдеріне облыс мектептерінің 96 педагогі қатысты. Облыстық кезеңге облыстық мектеп мұғалімдерінің және аудандық (қалалық) кезеңінің 23 жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды. Мұғалімдер қашықтықтан оқыту режимінде оқушыларға арналған сыныптан тыс шаралардың жеке әдістемелік әзірлемелерін, сабақ жоспарларын ұсынды.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша «Ерлік сабағы» тақырыбында қашықтықтан оқыту сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі облыстық байқауының жеңімпаздары:
І орын – Алдабергенова Жанна Кенжехановна, Катонқарағай ауданы, «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын – Бағдатов Нұрсұлтан Бейбітұлы, АӘжәнеТД мұғалімі, Ұлан ауданы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Болотнов Владимир Витальевич, АӘжәнеТД мұғалімі, Шемонаиха ауданы, «А.С. Иванов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» Выдриха кешені».
«Ерлік сабағы» тақырыбында қашықтықтан оқыту сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі облыстық байқауының қорытындысы бойынша жинақ ШҚО білім басқармасының сайтында «Қашықтықтан оқыту» бөлімінде «Қашықтықтан оқытудың үздік практикалары» рубрикасында орналастырылады.