
2020 жылғы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн тәртібінде «Қашықтан оқыту аясында жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сыныптарында БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері» атты әдістемелік алаң өткізді.
Әдістемелік алаңның мақсаты: Мектеп басшыларына, облыс мектептерінің пән мұғалімдеріне, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерелеріне ашықтықтан оқыту аясында 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында БЖБ және ТЖБ дайындауға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету.
Аталған іс-шараға Өскемен қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары мен облыстың педагогтері, жиыны 300 адам қатысты.
Әдістемелік онлайн алаңның модераторы-ШҚО ББ "Шығыс" өңірлік орталығының директоры М. И. Асанова педагогтарды қашықтықтан оқыту жағдайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрығымен бекітілген жиынтық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды, білім алушыларға жеке көзқарас қажеттілігін атап өтті.
Әдістемелік алаңның модераторы - ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының директоры М.И.Асанова қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушыларды жиынтық бағалаулары мен ағымдағы бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша осы әдістемелік алаңның маңыздылығын түсіндірді.
Іс-шара аясында «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері: Әділжанова Динара Адильгазыевна, Усенова Дидар Эрнстовна, Бурунбетова Қарлығаш Кабдрахмановна, Ислямова Салтанат Асқарқызы, Марченко Елена Алексеевна қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ мен ТЖБ өткізу ерекшеліктері мен тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен түсіндірулер берді, сондай-ақ бастауыш сынып, тарих, биология, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тапсырмаларының мысалдарын көрсетті.
Онлайн алаң барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ракишева Гүлмира Байғалиқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№39 орта мектебі» КММ директордың м.а. Абюрова Гульмира Каиркановна, директорының орынбасары Здобнина Светлана Николаевна БЖБ мен ТЖБ өткізуді жоспарлау және кесетсін құру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ бастауыш сынып мұғалімі Витвицкая Евгения Павловна, Семей қаласының «№27 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Отынбаева Дана Бекенқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Киримова Ирина Борисовна, өз сабақтарының мысалында, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы кері байланыс және тапсырмалар парақтарымен оқушылардың жиынтық бағалауын қалай өткізетінін көрсетті.
Әдістемелік алаң барысында, кері байланыс аясында, қойылған сұрақтарға педагогтер мен әдіскерлер БЖБ және ТЖБ өткізу және оқу жылын қашықтықтан аяқтау бойынша жауаптар мен ұсыныстар алды.