www.lichess.org. шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирін өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

www.lichess.org. шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирін өткізу туралы  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 30 сәуір  және 1 мамыр күндері аралығы www.lichess.org шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирі өткізіледі.

Онлайн турнирдің мақсаты мен міндеті:

а) Шығыс Қазақстан облысының жас спортшылары арасында шахматты дамыту және насихаттау;

б) Шығыс Қазақстан облысы шахматшыларының спорттық шеберлігін  арттыру;

в) салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатысуға өтініш беру үшін әр қатысушы міндетті:

   - www.lichess.org сайтына тіркелу

- https://lichess.org/team/chessmaster-vko сілтемесі арқылы ChessMaster VKO клубына қосылу.