Облыс педагогтарына қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

Облыс педагогтарына қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы білім беру ұйымдары мен педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қашықтықтан оқыту форматында сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу бойынша облыстың 2 мыңнан астам мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеді.

Облыс мектептері педагогтарының қашықтық сабақтары мен іс-шараларын өткізудің жалпыланған тәжірибесі негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді:

  • қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру бойынша мектептердің тиімді менеджерлерінің жұмыс тәжірибесінен;
  • қашықтықтан оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар (пән мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен қысқамерзімді жоспарлар);
  • қашықтықтан оқыту бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен;
  • физика, математика, информатика мұғалімдеріне арналған қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар (ЖМБ мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен қысқа мерзімді жоспарлары;
  • жаратылыстану, биология, химия, география мұғалімдеріне арналған қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар (ЖМБ мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен қысқа мерзімді жоспарлары);
  • Тарих пәні мұғалімдері үшін қашықтықтан оқыту бойынша Қазақстан тарихы және Дүниежүзілік тарихы пәндері мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен (Қазақстан тарихы және Дүниежүзілік тарихы пәндері мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен қысқа мерзімді жоспарлары);
  • қашықтықтан оқыту бойынша өзін-өзі тану мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен;
  • қашықтықтан оқыту бойынша дене шынықтыру және бастапқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен;
  • арнайы мектеп-интернаттарда және ППТК кабинеттерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
  • қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстару.
  • Мектеп психолог қызметінің жұмыс тәжірибесінен:

           "Коронавирус туралы баламен қалай сөйлесуге болады» жадынамасы (балаларды қорғауға және тыныштандыруға көмектесетін кеңестер);

           психолог кеңестері: коронавирус туралы баланың уайымын азайтуға ұсыныстар;

Әдістемелік ұсыныстар - аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері қауымдастығы, облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы электрондық ресурстар арқылы таратылып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының сайтында "Қашықтықтан оқыту" бөлімінде "Қашықтықтан оқытудың үздік тәжірибелері" айдарында орналастырылған.