«Online Mektep» модулі арқылы ШҚО мұғалімдерін онлайн оқыту

«Online Mektep» модулі арқылы ШҚО мұғалімдерін онлайн оқыту

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Bilim Media Group»-пен бірлесіп қашықтықтан оқытуға көшу шеңберінде 2020 жылғы 27-30 сәуір аралығында Bilimland.kz білім беру платформасында «Online Mektep» жаңа цифрлық модулін қолдану бойынша оқыту вебинарларын өткізуде.

Жаңа модульде 1-11 сынып оқушылары үшін цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқуға және педагогтармен кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.

Онлайн-оқыту кезінде облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары мен пән мұғалімдері осы платформа арқылы оқушыларды оқытудың түрлі тәсілдерімен және жаңалықтармен танысады.

Оқыту барысында тренерлер цифрлық модульдің функционалын көрнекі түрде көрсетеді: сабақ кестесін қалыптастыру, үй тапсырмаларын тексеру және бағалау, оқушылармен кері байланыс орнату тәсілдері, оқу мониторингі.

Тренерлердің жұмысына семинар тыңдаушылары оң пікір беріп жатыр. Қатысушылар порталдың физика, математика, химия, биология және география пәндері бойынша виртуалды зертханалардың болуы сияқты артықшылықтарын атап өтті.

Облыс бойынша білім алушылардың жалпы саны 2 мыңға жуық адамды құрайды.