Облыстық «Үздік Абайтану кабинеті» байқауы

Облыстық «Үздік Абайтану кабинеті» байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы А. Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және мерекелеу жөніндегі облыстық жоспар негізінде «Үздік Абайтану кабинеті» облыстық сырттай байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – «Абайтану» кабинетін жабдықтау және қызметті ұйымдастыру бойынша табысты тәжірибені тарату.Ұлы Абайдың мұраларын оқушыларға тереңдетіп оқыту.

Байқауға Ережеге сәйкес қалалық/аудандық кезеңде «Үздік кабинет» деп танылған 27 мектептің материалдары ұсынылды.

Кабинеттердің жабдықталуын, жасақталуын, ашылуын зерделеу негізінде облыс деңгейде құрылған әділқазылар алқасының қорытындысына сәйкес 11 мектепке жүлделі орындар берілді және 16 мектепке номинациялар тағайындалды.

Бас жүлде- Аягөз ауданы, «№6 орта мектебі» КММ

1-орынды Абай ауданы, «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ, Катон-Қарағай ауданы, «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ;

2-орынды Ұлан ауданы, «Таврия  орта мектебі» КММ, Аягөз ауданы, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ, Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ;

3-орынды Семей қаласы, «№37 мектеп-гимназия» КММ, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» КММ, Курчатов қаласы, «№1 жалпы білім беретін орта мектепбі» КММ, Аягөз ауданы, «С. Ғаббасов атындағы орта мектебі» КММ, Аягөз ауданы, «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;

Номинациялар:

Үздік оқу кабинеттері - Көкпекті ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Семей қаласы, «№18 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Күршім ауданы, «№3 гимназия» КММ;

Заманауи жабдықталған кабинеттер – Глубокое ауданы, «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ, Бородулиха ауданы, «Камышенко орта мектебі» КММ;

Үздік ақпараттық-әдістемелік кабинеттер- Зайсан ауданы, «Қаратал орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей» КММ, Тарбағатай ауданы «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ, Глубокое ауданы, «Ушанов орта мектебі» КММ;

Үздік инновациялық кабинеттер– Үржар ауданы, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ, Семей қ/сы, «№ 49 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Көкпекті ауданы, «Ж. Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицей» КММ;

Үздік оқу-әдістемелік кабинеттер- Шемонаиха ауданы, «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы «З. Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ, Үржар ауданы, «Қаратұма орта мектебі» КММ, Алтай ауданы, «№7 орта мектебі» КММ;

Үздік Абайтану залы - Өскемен қ/сы, «№46 орта мектебі» КММ.

Жүлделі орындар алған жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.