Құрметті балалар, ұстаздар және ата-аналар!

Құрметті балалар, ұстаздар және ата-аналар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны»  атты әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестиваліне қатысуға шақырамыз. 

Фестивальдің қатысушылары ШҚО қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары болып табылады.

Конкурс төрт жас тобы бойынша өткізіледі:

Кіші (А) - 5-7 жас;

Кіші (В) - 8-10 жас;

Орта - 11-13 жас;

Үлкен-14-18 жас.

Фестиваль 2020 жылдың 5-6 мамырында өткізіледі.

Сайыстың жұмыстары (бейнежазба) Ұйымдастыру комитетіне фестивальға қатысу өтінімімен бірге (№1 қосымша) білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған электронды (WORD немесе EXCEL) және сканерленген нұсқада 2020 жылдың       15-24 сәуір аралығында мына мекен-жайлар бойынша жолданады: ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы, ұялы тел.: 8 (705)114-64-55, е-mail: 75letpobedy@bk.ru

 

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

I. Әскери-патриоттық әндер:

1) Авторлық ән:

- өз өлеңдеріне арналған әндердің автор-орындаушы, оның ішінде авторлық дуэттер (орындалатын әндердің бірлескен авторлығы);

- басқа ақындардың өлеңдеріне жазылған әннің авторы-орындаушы;

- басқа композиторлардың музыкасына арналған әннің авторы-орындаушы.

2) Орындаушы:

- соло;

- дуэттер (2 дауыста);

- ансамбльдер (3 дауыста және одан көп).

Әскери-патриоттық ән орындалуы мүмкін:

- минусовкаға;

- жанды музыка астында;

- музыкалық сүйемелдеусіз.

 

II. Әскери-патриоттық өлең

1) Авторлық шығарма:

- өлең авторы, оның ішінде авторлық дуэттер (өлеңнің бірлескен авторы);

2) Мәнерлеп оқу 

Бір қатысушының конкурстық орындау регламенті (бейнежазба) 4 минутқа дейін.

 

Фестиваль қорытындылары мен жеңімпаздардың конкурстық жұмыстары (орындау бейнежазбасы) 2020 жылдың 9 мамырында ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының сайтында орналастырылады: https://www.shygysdaryn.kz/.

Фестиваль жеңімпаздары номинациялар бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Толығырақ фестивальді өткізу туралы Ережемен https://www.shygysdaryn.kz/. танысуға болады