Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өтті

Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өтті

Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша өзекті мәселелер қаралды. Облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы мен оның сапасына бақылауды күшейту қажеттілігіне баса назар аударылды. Мектептерді қабылдау және олардың жаңа оқу жылына дайындығын бағалаудың бірыңғай тәсілдері әзірленді.
Ата-аналар қауымдастығына ТӘОТ санатындағы 19 мың оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасын алу механизмін түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Биылғы жылы 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін тамақпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Мектеп асханаларының дайындығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынды.
Сонымен қатар балалардың білім алуына жағдай жасаумен қатар, тәрбие жұмысының рөлін арттыру қажеттігі баса айтылды. Қазіргі таңда бұл бағыт ювеналды полиция өкілдерінің қатысуымен әзірленуде. Барлық жағдайларды ескере отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында кешенді бағдарлама әзірленді.