Жеке балабақшалар ашу үшін әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде

Жеке балабақшалар ашу үшін әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында балалар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Балалар санының өсуіне сәйкес білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауда, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеке балабақшалар ашу үшін әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осы жұмыс аясында бүгін білім басқармасында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу мәселелері бойынша басшы И.А. Чернышеваның төрағалығымен кеңес өтті. Кеңеске ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З.А. Махсутова, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары С.А. Амангелдин, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Б.К. Дырымбаева, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Д.К. Ғылыммедден, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А.Б. Адылхан, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы А.В. Скляр шақырылды. Сондай-ақ, кеңес жұмысына аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің басшылары, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық және қалалық филиалдарының директорлары, жеке кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес барысында жеке меншік балабақшаларға қойылатын талаптар, оның ішінде санитарлық ережелерге, өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігі талқыланды, сондай-ақ қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін мүдделі тұлғалардың іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.