
2023 жылдың 6 шілдесінде Шығыс Қазақстан олысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 25 жылдығын мерекелеу аясында құрама командаларының қатысуымен баскетболдан 3х3 жазғы турнир өтті: “Білім Инновация” лицейінен «КТЛ», "Кегля-Team", «Шығыс», "Самал-Gang" 37 орта мектебінің командалары.
Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, оқушылардың белсенді демалысы мен салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды дене шынықтыру мен спортқа тарту, қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Турнир барысында командалар 6 ойын өткізді.
Спортшылар өз командасын лайықты түрде қорғауға тырысты.
🥇1 орын: "Самал-Gang".
🥈2 орын: "КТЛ"
🥉3 орын: "Шығыс"
Оқушылар уақыттарын ұтымды және көңілді өткізді. Барлық қатысушыларға шара демеушілерінен грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.