Өрттен құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы XIII республикалық чемпионатқа қатысуы туралы

Өрттен құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы XIII республикалық чемпионатқа қатысуы туралы

26-30 маусым аралығында Өскемен қаласының “Жас құтқарушы" орталығының командасы Атырау қаласында өткен өрттен құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы XIII республикалық чемпионатқа қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 16 командадан 130 бала қатысты. Қатысушылар 100 метрлік кедергілер жолағының кезеңдерінен, шабуыл сатысымен көтерілуден, өрт эстафетасынан және жауынгерлік орналастырудан өтуі керек еді. Табанды күрес қорытындысы бойынша біздің балалар жалпы командалық 5 орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша командананың екі қатысушысы Никита Боков пен Коршак Виктор ҚР құрамасына жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кірді.