Ұлттық мереке – "Домбыра күні"

Ұлттық мереке – "Домбыра күні"

Қазақстанда жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде ұлттық мереке – "Домбыра күні" аталып өтеді. Мереке қарсаңында «Күншуақты жаз» күндізгі демалыс алаңына баратын балалар үшін «Күмбірлеген домбыра» интерактивті бағдарламасы өткізілді. Балалар ең танымал аспаптың шығу және жасалу тарихымен жан-жақты танысты. Жас ұрпақ бағдарламаға қызығушылықпен қатысты: сұрақтарға жауап берді, домбыраның суретін салды, сонымен қатар оны қағаздан жасауды үйренді. Іс-шара барысында Өскемен қаласының Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстанның атақты домбырашыларының орындауындағы үздік музыкалық шығармалар қойылды.