
1 шілде күні Ұлттық домбыра күніне арналған Өскемен қаласының “Жұлдыз” өнер балалар мектебінің домбыра сыныбының оқушыларымен «Күмбірле домбыра» атты челлендж өтті.
Қазақстанда 2018 жылдан бастап жыл сайын Домбыра күні тойланады. Домбыра – ғасырлар бойы қазақтың ойы мен сезімін жеткізуге көмектескен, халықтың жан дүниесін танытқан музыкалық аспап. Сондықтан домбыра халықтың мәдени мұрасына айналды. Оқушылар қазақтың атақты күйлерін шертіп өз өнерлерін ортаға салды.