Балаларға берілген жүрек

Балаларға берілген жүрек

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Соңғы жылдары отбасыларға тәрбиелеуге берілетін балалар саны артты, алайда облыс бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерде 411 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленуде.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың бірнеше нысандары бар, атап айтқанда: бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, патронат және баланы қабылдайтын отбасы.

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы кезеңде 56 кәсіби патронаттық отбасы тіркелген. Бұл отбасы нысаны Қазақстанда 2004 жылдан бастап қолданыста.

Солардың бірі - патронат тәрбиеші Светлана Владиславовна Пушкареваның отбасы. 2004 жылдан бастап Светлана Владиславовна өз отбасына балалар үйінен
6 баланы қабылдады, олардың 3-і кәмелетке толған, өз отбасылары мен балалары бар.

Патронат тәрбиеші ретінде Светлана Владиславовна балаларға қатысты өзінің құқықтары мен міндеттерін толығымен жүзеге асырады, қарым-қатынасқа, тәрбиеге үлкен көңіл бөледі, балалардың мүдделерін қорғайды және қамтамасыз етеді, тәрбие мен дамуға барлық жағдай жасайды.

Мемлекеттік мекемелерден балаларды тәрбиелеуге өз отбасына қабылдаған С.В. Пушкарева сияқты патронаттық отбасыларды қолдау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап патронаттық тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері 35 АЕК-ке дейін арттырылды (120750 теңге).

Балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдағысы келетін барлық азаматтар тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жүгіне алады.