Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы туралы

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы туралы

2023 жылғы 29 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Б. Сапанов төрағалығымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында 2023 жылға арналған жұмыспен қамту және жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыру туралы, «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанының қорытындысы туралы,  ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің қызметі туралы, Балалардың сауықтыру лагерлеріндегі қауіпсіздік туралы, Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша жүргізілетін шаралар туралы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу шараларына, тәуекел тобындағы (мектепішілік есепте және ішкі істер бөлімдерінде есепте тұратын) балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарға және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, суицидтің, буллингтің алдын алуға профилактикалық шараларды жүргізуге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.