Шығысқазақстандық жас математиктің халықаралық Балқан олимпиадасындағы лайықты жеңісі

Шығысқазақстандық жас математиктің  халықаралық Балқан олимпиадасындағы лайықты жеңісі

Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO) Тирана қаласында (Албания) өтті. Оған әлемнің 20 елінен 126 оқушы қатысты. Олимпиадаға Қазақстаннан 6 оқушы - 2023 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері қатысты.

ҚР Ұлттық зияткерлік құрамасының құрамында Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім – инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыс қоржыны халықаралық деңгейдегі тағы бір медальмен толықты. Әлинұр лайықты өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

Әлинұрды, оның ата-анасын және тренер-ұстаздарын лайықты жеңіспен құттықтаймыз!