Оқушылар шығармашылық сарайындағы жазғы демалыс.

Оқушылар шығармашылық сарайындағы  жазғы демалыс.

Жаз- барлық балалар үшін жылдың ең алаңсыз уақыты. Өскемен қаласының Оқушылардың шығармашылық сарайы жазғы демалысты қызықты ойын-сауық пен пайдалы демалысқа толтыруды жалғастыруда «Art-center» шығармашылық мектебінің аясында білікті ұстаздар балалармен қызықты сабақтар өткізуде. Ал «Күншуақты жаз» күндізгі демалыс алаңына келген балалар үшін бұл күн ұмытылмастай әсер қалдырды. Қиял-ғажайып жаратылыстардың суретін салып, ермексаздан әртүрлі мүсіндер жасап жарысты. Күн соңында «Brain Battle» танымдық бағдарламасына қатысып, көптеген жаңа мәліметтерге қанық болды.