
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өмірі танымды және қызықты өтеді. Балалар тәжірибе жасайды, шығармашылықпен айналысады, көңілді эстафеталар мен ойындар ойнайды. Балалардың демалысы мен ойындарын дұрыс ұйымдастыру үшін күні бойы балалардың әрекеттері алмасып отырады. Қозғалмалы, дидактикалық және спорттық ойындарды ұйымдастыра отыра, педагогтар балалардың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.