"Үздік тарих пәні мұғалімі" облыстық байқауының қортындысы

"Үздік тарих пәні мұғалімі" облыстық байқауының қортындысы

2020 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұстаз-өзгерістер елшісі" республикалық жобасын жүзеге асыру аясында Үздік тарих пәні  мұғалімі" сырттай облыстық байқауын өткізді.

Конкурс шығармашылықпен жұмыс істейтін тарих пәні мұғалімдерін анықтау, көтермелеу және қолдау, Шығыс Қазақстан облысы тарих пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді. Облыстық "Үздік тарих пәні мұғалімі" конкурсының аудандық және қалалық кезеңдеріне 112 педагог қатысты. Облыстық кезеңге аудандық(қалалық) кезеңнің 17 жеңімпазының материалдары ұсынылды. Байқау комиссиясы екі тур бойынша педагогтардың жұмыстарын қарады: "Мен табысты ұстазбын" тақырыбына интерактивті презентация және екінші тур шеңберіндегі "Менің инновациялық жобам" авторлық бағдарламалар мен жобалар бағаланды..

 Конкурс қорытындысы бойынша:

І орын – Сыдыкова Анар Ахановна (« Суықбұлақ орта мектебі» КММ ,Жарма ауданы);

ІІ орын-Азылханова Айнур Бақытжанқызы («Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, Алтай қаласы.) және Еремеева Ирина Геннадьевна («Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі»КММ, Өскемен қ.);

ІІІ орын-Рубан Галина Александровна ( «Н.Островский атындағы орта мектеп»КММ, Бородулиха ауданы), Мейрбаев Мади Канатович(«Сарытерек орта мектебі» КММ,Зайсан ауданы) Юрченко Сергей Владимирович («ОзеркиЖОББМ»КММ,Семей қаласы).иеленіп, жүлдегер атанды: Кабдрахманова Бақытгүл («Ю.А.Гагарин  атындағы  №1 Күршім  орта  мектебі» КММ ,Күршім ауданы)- «Шығармашылық ұстаз" , Рогозина Вера Георгиевна («Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі»КММ,Глубокое ауданы)- "Креативті педагог" , Сырлыбаев Серікбол Мерекеұлы (“№2 Ақсуат орта мектебі” КММ, Тарбағатай ауданы)- "Үздік инновациялық жоба"-номинациялары бойынша марапатталды.