
Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойын дайындау мен өткізуге арналған облыстық шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 23-24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Абай Құнанбаевтың175 жылдығына орай ШҚО жалпы білім беретін мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары арасында интерактивті диктант (бұдан әрі –интерактивті диктант) өткізеді.
Шараның мақсаты– қашықтан білім беру технологиялары арқылы қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жоғары адамгершілік, жас ұрпақтың рухани мәдениетін оның шығармаларымен, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы жазылған әдеби шығармалармен таныстыру арқылы қалыптастыру.
Интерактивті диктантАбай шығармаларының материалдары бойынша және қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы жазылған әдеби шығармалар бойынша қазақ және орыс тілдерінде ШҚО білім басқармасының білім беру порталы арқылы интерактивті режимде жүргізіледі.
Интерактивті диктантқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 3000 бала қатысады.
Қатысушылардың жұмыстары екі критерий бойынша бағаланады: жұмыстың түпнұсқалық мәтінмен сәйкестігі және диктанттың ережелері мен пунктограммалары бойынша жауаптардың дұрыстығы.
Интерактивті диктант жеңімпаздары жазғы демалыс кезінде Семей қаласына мұражайларға, Абай ауданындағы Абай-Шәкәрім кешеніне және Жидебайға баруға жоспарланған оқу-практикалық турға қатысады.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8-777-742-19-01 телефонына хабарласу қажет.