Баланы қабылдаушы ата-аналар мектептер

Баланы қабылдаушы ата-аналар мектептер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап баланы асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа алуға ниет білдірген азаматтар (жақын туыстарынан басқа) баланы қабылдаушы ата-аналар мектебінде дайындықтан өтуі тиіс.

Баланы қабылдаушы ата-аналар мектептері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында және Баланы асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік филиалында қызмет етеді.

Дайындықтан өту ақысыз. Оқыту аяқталғаннан кейін психологиялық дайындықтан өткендігі туралы сертификат беріледі. Сертификат алғаннан кейін әлеуетті ата-аналар тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгініп, баланы қабылдаушы ата-ана болуға үміткер ретінде тіркеле алады.

Баланы қабылдаушы ата-аналар мектептері қызмет ететін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары туралы мәліметтер:

№

Мекеме атауы

Мекенжайы, телефоны

2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы»  КММ  

ШҚО, Өскемен қаласы,

Энтузиасттар көшесі, 39

Телефон: 8 (7232) 623325, 623556

5

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ

ШҚО, Алтай ауданы,

Серебрянск қаласы,

Почтовая көшесі, 3

Телефон: 8(72337) 21689

6

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

ШҚО, Өскемен қаласы, Ахмер ауылы, Баян сұлу, 2 

Телефон: 8(7232) 574175, 213225, 212950