
Өтетін уақыты: 09.06.2023 (күндіз және түнде)
Локация: Өскемен қ., Үлбі полиция бөлімінің аумағы («Металлург» саябағы, ойын залдары, ойын-сауық орталықтары, кафе-мейрамханалар, ЖҚС, фастфуд объектілері)
ШҚО білім басқармасы полиция қызметкерілерімен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында БАҚ өкілдерін, «Аmanat» партиясының жанындағы Жастар рухы ШҚО филиалын, «Феникс» даму және бейімделу орталығын тарта отырып, базарлар, автожанармай құю станциялары, құрылыс алаңдары және т.б. түрлі объектілер бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.
Облысымыздың әр ауданынад осындай рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Күтілетін нәтижелер: қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру; балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.