
Жер-бұл біздің ортақ үйіміз, оған барлық тұрғындардың назары мен қолдауы қажет. 2023 жылғы 5 маусымда Өскемен қаласының №24 орта мектебінде экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мектеп жанындағы аумақты көгалдандыру бойынша экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияға 8 сынып оқушылары қатысты. Мұндай маңызды мерекелер экожүйені сақтаудың маңыздылығын еске түсіреді және қоршаған ортаның жай-күйіне қамқорлық жасаудың құндылығын арттырады.
Барлық экологтарға өз ісіне берілгендігі, экологиялық мәселелерге назар аударғаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге зор денсаулық, шынайы бақыт және кәсіби қызметте жаңа биіктерге жетулеріңізді тілейміз!