Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру маусымы басталды!

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру маусымы басталды!

2023 жылдың 5 маусым айында  Өскемен қаласы оқушылар шығармашылық сарайында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезеңі керемет басталды. Алғашқы күні 1500-ден астам адам бос уақытын тиімді өткізуге жұмылдырылды. Оқушылардың шығармашылық сарайында би, спорттық және интерактивті бағдарламалар ұсынылды. Сарай қонақтарына арналған ойын-сауық шараларынан бөлек, вокал, хореография, сурет, шахмат және басқа да бағыттар бойынша сабақтар өткізілетін Art-орталығы іске қосылды. Сондай-ақ «Күншуақты жаз» күндізгі жаздық демалыс лагері алаңының ашылуы өтті.